---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/03/22/zhumystan-song-oralmaghan-almatyda-19-zhastaghy-qyzdyng-maejiti-tabyldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Жұмыстан соң оралмаған: Алматыда 19 жастағы қыздың мәйіті табылды

![Жұмыстан соң оралмаған: Алматыда 19 жастағы қыздың мәйіті табылды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/03/photo_79805.jpeg)

**19 наурызда жоғалып кеткен алматылық Аяжан Еділованың мәйіті табылды****, деп хабарлайды****Qazaqpress Tengrinews.kz****-ке сілтеме жасап.  **

Алматы полициясы күдіктіні ұстады.

Аяжанның әпкесі полицияға 2021 жылдың 20 наурызында сіңлісі жоғалып кеткенін айтқан.

> «Хабар-ошарсыз кеткен адамды тауып, оның жоғалу жағдайларын анықтау үшін жедел тергеу тобы құрылды. Жедел іздеу іс-шарасы барысында қыз жоғалып кеткен күні жаңа танысымен кездеспек болғаны анықталды, онымен әлеуметтік желілерде танысқан. Түркістан облысының тұрғыны, 1993 жылы туған күдікті ұсталды. Қылмыс жасаудың себебі мен тәсілін анықтау мақсатында тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», — деді Алматы ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Еркін Іңкәров.

Бұл іс бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлігі («Адам өлтіру») бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Бұған дейін 19 жастағы Аяжан Еділова кешке жақын жұмыстан шыққаннан кейін үйіне оралмағаны хабарланған еді.

---

Жарияланды: 2021-03-22T12:01:42+06:00

Жаңартылды: 2021-03-22T12:01:42+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/03/22/zhumystan-song-oralmaghan-almatyda-19-zhastaghy-qyzdyng-maejiti-tabyldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.