---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/03/22/aqtoebe-sary-ajmaqqa-kirip-oengirde-karantin-sharalary-kueshejtildi/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Ақтөбе «сары» аймаққа кіріп, өңірде карантин шаралары күшейтілді

![Ақтөбе «сары» аймаққа кіріп, өңірде карантин шаралары күшейтілді](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/03/200505080859344e.jpg)

**Ақтөбе облысында шектеу шарасы күшейтілді, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.**

Форум, конференция өткізуге болмайды.

Ақтөбе облысы бойынша шектеу шарасы күшейтіліп, облыстың бас санитар дәрігерінің қаулысы түсіндіріліп жатыр.

Жаңа қаулыға сәйкес конференция, көрме, форум өткізілмейді, ойын-сауық, сондай-ақ адамдар көп жиналатын отбасылық, салтанатты, мерекелік корпоративтерді, естелік және басқа да іс-шараларды ұйымдастыруға тыйым салынған.

Үй ішінде ас беруге болмайды.

Сондай-ақ ойын-сауық мекемелері (караоке, бильярд, компьютерлік клубтар, түнгі және ойын клубтары, боулинг орталықтары), балалардың ойын алаңдары және аттракциондар, букмекерлік кеңселердің және лото-клубтардың қызметіне шектеу қойылған.

Ақтөбе облысы бойынша өткен тәулікте 39 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Оның 10-ы дерттің симптомсыз түріне шалдыққан.

> «Жалпы ақпан айында облыста 313 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Ал наурыз айында 468 жағдай тіркеліп отыр», — деді облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Нұрсұлу Беркімбаева.

Балабақшада тек кезекші топтар жұмыс істейді. Сонымен бірге жексенбі күні сауналар жабық болады.

> «Балалардың түзету кабинеттерінде, балалар мен ересектердің білім беру орталықтарында адам саны 15-тен аспауы тиіс. Банк, халыққа қызмет көрсету орталықтары, пошта бөлімшесінің жұмыс уақыты сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін жалғасады. Діни объектілерде ұжымдық іс-шаралар өткізілмейді. Қоғамдық тамақтану орнында адам саны 50-ден аспауы тиіс. Оларда жұмыс және демалыс күндері сағат 07.00 – 00.00 аралығында жұмыс істеуге рұқсат берілген. Театр, кинотеатр, концерттік зал сыйымдылығының 20 пайызына ғана көрермен кіргізіледі. Спорттық іс-шараларда көрермен болмайды», — деп хабарлады облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі.

---

Жарияланды: 2021-03-22T12:09:35+06:00

Жаңартылды: 2021-03-22T12:09:35+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Басты](https://qazaqpress.kz/category/basty/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/03/22/aqtoebe-sary-ajmaqqa-kirip-oengirde-karantin-sharalary-kueshejtildi/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.