---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/03/21/qazaqstandyqtargha-nur-sultan-men-almatygha-barmaw-usynyldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Қазақстандықтарға Нұр-Сұлтан мен Алматыға бармау ұсынылды

![Қазақстандықтарға Нұр-Сұлтан мен Алматыға бармау ұсынылды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/01/photo_333055.jpeg)

**Қазақстанның бас санитар дәрігері Ерлан Қиясов қазақстандықтарды коронавирус инфекциясының жоғары өсіміне байланысты Нұр-Сұлтан мен Алматыға бармауға шақырды, деп хабарлайды Qazaqpress Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.**

> — Елдегі COVID-19 жұқтыру бойынша барлық жағдайдың 55 пайызы екі ірі мегаполисінде тіркелді. Коронавирус инфекциясын жұқтыру қаупі жоғары болуы қоғамдық орындарға, сауда орталықтарына, базарларға барумен, бұқаралық іс-шараларды (үйлену тойлары, мерейтойлар, еске алу және т.б.) өткізумен, қоғамдық көлікте алдын алу шараларын сақтамаумен, сондай-ақ үй карантинін сақтамаумен байланысты, — деді Қиясов.

Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында COVID-19-дың одан әрі таралуының алдын алу мақсатында өңірлік жедел штабтардың шешімі бойынша бірқатар шектеу шарасы қабылданды.

Бас санитария дәрігері COVID-19 бойынша эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауы бүкіл әлемде байқалатынын, вирустың жаңа штамдарының таралуымен байланысты коронавирус инфекциясын жұқтырып, сырқаттанушылық тіркеліп жатқанын, әлемнің көптеген елінде карантин шаралары күшейіп жатқанын атап өтті.

Қиясов алдағы мереке және демалыс күндеріне мынадай кеңестер берді:

- Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларына барудан бас тарту;
- Халық көп жиналатын орындарға бармау, мереке күндерін жақын адамдардың арасында өткізу;
- Қонақ шақырудан және қонаққа барудан бас тарту;
- Жіті респираторлық инфекциялар жұқтырған адамдармен тығыз байланыста болмау;
- Әлеуметтік қашықтықты, маска тағу режимін сақтау;
- Шетелге барудан бас тарту.

---

Жарияланды: 2021-03-21T10:10:58+06:00

Жаңартылды: 2021-03-21T10:10:58+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Басты](https://qazaqpress.kz/category/basty/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/03/21/qazaqstandyqtargha-nur-sultan-men-almatygha-barmaw-usynyldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.