---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/03/21/atyrawda-zhol-apatynan-teatr-aertisi-koez-zhumdy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Атырауда жол апатынан театр әртісі көз жұмды

![Атырауда жол апатынан театр әртісі көз жұмды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/03/210321155906156a3767117i.jpg)

**Атырауда жол апатынан театр әртісі көз жұмды, деп хабарлайды****Qazaqpress****ҚазАқпарат****қа сілтеме жасап.**

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жол апаты 19 наурызда Мақат ауданында болған.

> «Кешкі сағат 21:00 шамасында «Атырау-Доссор» тас жолында «ГАЗель» мен «ВАЗ-2114» соқтығысқан. Жол апатының салдарынан жеңіл көліктің жолаушысы қаза тапты. Жеңіл көліктің 22 жастағы жүргізушісі бірнеше жарақатпен облыстық ауруханаға жеткізілді», — деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.

«ВАЗ-2114» көлігінде М.Өтемісов атындағы академиялық қазақ драма театры жанындағы жастар театрының екі әртісі болған.

Қазір аталған жол апатына байланысты сараптама тағайындалды.

 

 

---

Жарияланды: 2021-03-21T10:16:13+06:00

Жаңартылды: 2021-03-21T10:16:50+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/03/21/atyrawda-zhol-apatynan-teatr-aertisi-koez-zhumdy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.