Атырауда жол апатынан театр әртісі көз жұмды
Атырауда жол апатынан театр әртісі көз жұмды, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жол апаты 19 наурызда Мақат ауданында болған.
«Кешкі сағат 21:00 шамасында «Атырау-Доссор» тас жолында «ГАЗель» мен «ВАЗ-2114» соқтығысқан. Жол апатының салдарынан жеңіл көліктің жолаушысы қаза тапты. Жеңіл көліктің 22 жастағы жүргізушісі бірнеше жарақатпен облыстық ауруханаға жеткізілді», — деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.
«ВАЗ-2114» көлігінде М.Өтемісов атындағы академиялық қазақ драма театры жанындағы жастар театрының екі әртісі болған.
Қазір аталған жол апатына байланысты сараптама тағайындалды.