Алматыда 12 мектепке «мина қойылды» деген хабар тексеріліп жатыр

Алматыда 12 мектепке «мина қойылды» деген хабар тексеріліп жатыр

Алматы қаласында белгісіз адам 12 мектепке «мина қойды» деген ақпарат таралды, деп хабарлайды Qazaqpress  қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.

«Бұл туралы 12 білім беру мекемесінің электрон поштасына хабарлама келген. Онда шабуылдаушы ақша аударуды сұраған. Талабын орындамаса мектеп ғимаратын жарып жіберетінін жазған», — делінген хабарламада.

Полиция өкілдері барлық ғимаратты саперлер тексеріп жатқанын айтты.