Доллар бағамы түсті

Доллар бағамы түсті

Қазақстан қор биржасында (KASE) 17 наурыздағы күнгі сауда-саттықтың таңертеңгілік сессиясында теңгенің АҚШ долларына шаққандағы орташа бағамы 418,15 теңгені құрады, деп хабарлайды Qazaqpress KASE-ге сілтеме жасап.

Kurs.kz мәліметі бойынша, қазіргі уақытта Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде америкалық долларды сатудың орташа курсы 419,41 теңге, ал сатып алу – 417,86 теңге.

Нұр-Сұлтан қаласының ақша айырбастау орындарында америкалық валютаны орта есеппен 418,35 теңгеден сатады, 417,29 теңгеден сатып алады.