---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/03/17/bekshin-zhanga-qawlygha-qol-qojdy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Бекшин жаңа қаулыға қол қойды

![Бекшин жаңа қаулыға қол қойды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/01/ut1ym96h.png)

**Алматы қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин карантин туралы жаңа қаулыға қол қойды**, **деп хабарлайды Qazaqpress.**

Құжатқа сәйкес, Алматыдағы жекелеген әлеуметтік-экономикалық нысандар мен қызметтердің жұмыс режиміне шектеулер мен өзгерістер енгізілді:

**1. Қоғамдық көліктер (қалалық және қала маңындағы маршруттар)**

— жұмыс күндері, әдеттегі кестеге сәйкес жұмыс істейді;

— демалыс және мереке күндеріндегі жұмыс уақыты: таңертең — 06: 00-ден 10: 00-ге дейін; кешке — 17: 00-ден 22: 00-ге дейін.

**2. Сауда-ойын сауық орталықтары, сауда үйлері**

— сенбі және жексенбі күндері жұмысына тыйым салынады;

— мереке күндері сағат 10: 00-ден 17: 00-ге дейін жұмыс істей алады;

— жұмыс күндері: 10: 00-ден 21: 00-ге дейін.

**3. Супермаркеттер, гипермаркеттер, азық-түлік бөлшек сауда желілері**

— сағат 06: 00-ден 02: 00-ге дейін жұмыс істей алады.

**4. Азық-түлік дүкендері, минимаркеттер**

— жұмыс уақыты: 06: 00-ден 24: 00-ге дейін.

**5. Бөлшек сауда желілері және азық-түлікке жатпайтын дүкендер**

— 09: 00-ден 21: 00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етіледі.

**6. Жабық базарлар (азық-түлік және азық-түлікке жатпайтыны)**

— сенбі және жексенбі күндері жұмысына тыйым салынады;

— жұмыс күндері: 06: 00-ден 17: 00-ге дейін;

— мереке күндері: 10: 00-ден 17: 00-ге дейін.

**7. Ашық базарлар (азық-түлік, азық-түлікке жатпайтыны)**

— сенбі және жексенбі күндері жұмысына тыйым салынады;

— жұмыс күндері: 06: 00-ден 17: 00-ге дейін;

— мереке күндері: 10: 00-ден 17: 00-ге дейін.

**8. Қоғамдық тамақтану объектілері (үй ішінде), соның ішінде. сауда және ойын-сауық орталығында орналасқан, онда да кіре беріс есігі бөлек**

— сағат 07: 00-ден 21: 00-ге дейін 50% сыйымдылық деңгейінде, бірақ 30 орыннан, жазғы алаңдарда 50 орыннан адам аспауы керек.

— өзімен алып кету және жеткізу қызметі: уақыт шектеусіз.

**9. Қоғамдық тамақтану орындары (стационарлық емес, жылжымалы)**

— тек өзімен бірге алып кету және жеткізу: уақыт шектеусіз.

**10. Сауда үйі, сауда-ойын-сауық орталығында орналасқан қоғамдық тамақтану орындары мен фуд-корттар**

— өзімен бірге алып кету және жеткізу, уақыт шектеусіз.

**11. «Медеу» мұз айдыны**

— коньки тебуге тыйым салынады.

**12. «Шымбұлақ» демалыс орыны**

— келушілер санын 50%-ға дейін азайту (1000 адамға дейін)

**13. «Шымбұлақтағы» қоғамдық тамақтану орындары**

— 07: 00-ден 21: 00-ге дейін, тек жазғы алаңдарда жұмыс істеуге рұқсат;

**14. 20 және одан да көп қызметкері бар банктер және қаржы нарығының басқа объектілері**

— өндірістік қажеттілік болған жағдайда, қызметкерлердің кем дегенде 40% -ы жұмысқа ауысуға мүмкіндігі жоқ филиалдардан (бөлімдерден, пункттерден) басқа нысандарда жұмысшылардың жалпы санының кемінде 60%-ын қашықтықта жұмыс істеуін қамтамасыз ету (күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режим шараларын қатаң сақтау қажет).

**15. ХҚКО, «Қазпошта» АҚ кеңселері**

— жұмыс уақыты: сағат 09: 00-ден 18: 00-ге дейін.

**16. Спорттық шараларды көрерменсіз өткізу**

— ақпараттық қолдаусыз, шараға қатысушылар COVID-19 бойынша міндетті түрде ПТР-тесттен өтуі тиіс.

Құжаттан мынадай объектілердің қызметіне тыйым салынғаны белгілі болды:

*Балаларды даярлау мекемелері, балалар мен ересектерге арналған білім беру орталықтары;*  

*Мәдени нысандар (дайындық);*  

*Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары;*  

*Өңіраралық жолаушылар (туристік) тасымалы;*  

*Қалалық жоспардан тыс (туристік) тасымал;*  

*Цирк;*  

*Балаларға арналған ойын-сауық орталықтары (ойын алаңдары, жабық аттракциондар), оның ішінде сауда және ойын-сауық орталығында орналасқан алаңдар;*  

*Банкет залдары, түнгі клубтар, ойын және лото клубтары, караоке.*

**Сондай-ақ:**

*Көрермендері бар спорттық шараларға;*  

*Ас беруге;*  

*Көрнекті-бұқаралық іс-шараларға (конференциялар, форумдар және т.б.), отбасылық, мерекелік, бір отбасы мүшелерінен көп қатысатын шараларға (үйлену тойы, мерейтойлар, ұлттық рәсімдер, туған күндер және т.б.) тыйым салынады.*

Сонымен бірге, Ashyq пилоттық жобасына қатысатын нысандардан бөлек бильярд, компьютерлік клубтар мен боулинг орталықтарының қызметіне тыйым салынады.

Бұл қаулы 20 наурызда өз күшіне енеді.

---

Жарияланды: 2021-03-17T05:12:08+06:00

Жаңартылды: 2021-03-17T05:12:08+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Басты](https://qazaqpress.kz/category/basty/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/03/17/bekshin-zhanga-qawlygha-qol-qojdy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.