---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/03/17/aqmola-oblysynda-eki-zhuekti-aejel-koronavirwstan-koez-zhumdy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Ақмола облысында екі жүкті әйел коронавирустан көз жұмды

![Ақмола облысында екі жүкті әйел коронавирустан көз жұмды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/03/210317095536836e.jpg)

**Ағымдағы жылдың үш айында Ақмола облысында ана өлімінің үш жағдайы тіркелді, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.**

Бұл туралы брифингте Ақмола облысы Денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Нариман Сыздықов айтты.

> «Өкінішке орай, өңірде ана өлімі бар. Бүгінгі күні-екі ана өлімі коронавируспен байланысты, қазір ана өлімінің тағы бір жағдайы №2 МОБ-да тергелуде. Егер өткен жылы пандемияға қарамастан бізде ана өлімінің үш жағдайы ғана болса, биыл толық емес үш айда екі жағдай тіркелді, бұған қоса тағы біреуі тексеріліп жатыр», — деді Н. Сыздықов.
> 
> 
> 
> 
> «Ана өлімінің негізгі себебі жаңа белгісіз инфекциямен — CОVID-19, медициналық көмекті ұйымдастыру тарапынан кемшіліктермен байланысты: стационар деңгейіндегі жағдайды жете бағаламау, бастапқы кезеңде әлсіз ұйымдастырушылық, пандемияға байланысты медициналық көмекке қолжетімділіктің төмендеуі», — деп толықтырды басқарма басшысы.

---

Жарияланды: 2021-03-17T07:03:05+06:00

Жаңартылды: 2021-03-17T07:03:05+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/03/17/aqmola-oblysynda-eki-zhuekti-aejel-koronavirwstan-koez-zhumdy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.