Шымкентте Қонаев даңғылы қирап жатыр

Шымкентте Қонаев даңғылы қирап жатыр

Бүгінгі көргенімізді «масқара!» деген бір ауыз сөзбен ғана бағалауға болатындай, дейді желіде Шымкент қаласы бойынша Арнайы мониторингтік топ жетекшісі Әсет Әссанди, деп хабарлайды Qazaqpress Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

-Қала көшелері мен даңғылдарының аянышты түрін көріп: «Бүкіл жемқорларды қарғыс атсын!» деп айқайлап жіберуге шақ қалдық. Міне, ХХІ ғасырдағы жеткен жетістіктеріміз! Қонаев даңғылы қирап жатыр, Қазиев көшесі жылап жатыр, Інжу-Маржан көшесінің аты жақсы болғанымен, заты сол атқа лайық емес. Ал, Мейірімді көшесінің қала тұрғындарына деген мейірімі – ғайып-елес! Мына түрімізбен қалай ел боламыз, ағайын», — дейді пост авторы.