---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/03/16/qazaqstan-prezidentining-sajty-zhanga-formatta-iske-qosyldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Қазақстан Президентінің сайты жаңа форматта іске қосылды

![Қазақстан Президентінің сайты жаңа форматта іске қосылды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2020/12/photo_345798.jpeg)

**Қазақстан Республикасы Президентінің ресми Аkorda.kz сайты жаңа форматта іске қосылды**, **деп хабарлайды****Qazaqpress.**

Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаевтың баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді.

> — Ресми сайттың дизайны мен құрылымы жаңартылып, әсіресе, пандемия жағдайында өзекті болып отырған онлайн-трансляцияларды өткізу мүмкіндігі іске қосылды. Қасым-Жомарт Тоқаевтың Twitter әлеуметтік желісіндегі ресми аккаунтына және Президенттің Баспасөз қызметінің Facebook желісіндегі парақшасына сілтемелер сайттың негізгі бетінде көрсетілген. Сайттың техникалық сипаттамалары біршама жаңартылды. Атап айтқанда, платформа жаңартылып, веб-сайттың жылдамдығы артты, тұтынушылар үшін парақшаның ашылу уақыты қысқарды, сайттың ішкі компоненттері, деректер қоры және бағдарламалық кластерлер жұмысының ыңғайлы әрі жедел болуын қамтамасыз ететін заманауи бағдарламалық негіздер орнатылды, — деп жазды ол Facebook-тегі парақшасында.

---

Жарияланды: 2021-03-16T05:27:06+06:00

Жаңартылды: 2021-03-16T05:27:06+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Саясат](https://qazaqpress.kz/category/sayasat/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/03/16/qazaqstan-prezidentining-sajty-zhanga-formatta-iske-qosyldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.