---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/03/15/almatyda-qashan-lokdawn-zhariyalanady-bekshin-zhawap-berdi/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Алматыда қашан локдаун жарияланады? Бекшин жауап берді

![Алматыда қашан локдаун жарияланады? Бекшин жауап берді](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2020/12/2020120810344192174_zolotuhin3.jpg)

**Алматының бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин қандай жағдайда қала толығымен карантинге жабылатынын айтты, деп хабарлайды Qazaqpress Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.**

Жандарбек Бекшин онлайн-брифингте қолданыстағы карантин шараларын еске салды. Демалыс күндері қоғамдық көліктің, базарлар мен қоғамдық тамақтану нысандарының жұмысы шектелгенін айтты.

> — Біз Қазақстанның бас санитар дәрігері белгілеген өлшемдерге сәйкес жұмыс істейміз. Оларды қолданамыз, күшейте аламыз, бірақ бұл шараларды жеңілдетуге болмайды. Статистика бойынша тиімділік бар. Шектеу шараларын жалғастыру қажет, — деді Жандарбек Бекшин.

Сондай-ақ, ол Алматы қандай жағдайда карантинге жабылып, локдаун жариялауы мүмкін екенін айтты.

> — Бүгінде бізде 3400 төсек-орын бар, олардың жүктемесі 40 пайыздан аспайды. Сонымен қатар, 7 мың резерв төсек бар, бірақ резервтер де таусылуы мүмкін. Ауруханаға тәулігіне 500 адам жатқызылса, онда бір инкубациялық кезеңде барлық төсек-орын бос болмайды деген сөз. Бұған жол беруге болмайды.
> 
> 
> 
> 
> Күніне 300 науқас жатқызылса да, қала локдаунға жабылады. Шараларды уақтылы қабылдамасақ, онда, әрине, барлығын толығымен жауып, тоқтатуға тура келеді. Біздің міндетіміз — бұған жол бермеу. Әлі кеш емес, — деді ол.

---

Жарияланды: 2021-03-15T14:14:26+06:00

Жаңартылды: 2021-03-15T14:14:26+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Басты](https://qazaqpress.kz/category/basty/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/03/15/almatyda-qashan-lokdawn-zhariyalanady-bekshin-zhawap-berdi/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.