---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/03/14/qulaghan-an-26-nyng-qara-zhaeshigi-tekserilip-zhatyr/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Құлаған Ан-26-ның «қара жәшігі» тексеріліп жатыр

![Құлаған Ан-26-ның «қара жәшігі» тексеріліп жатыр](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/03/a642b774f0e0ee953aafcbe073b17b05.png)

**ҰҚК Алматы маңындағы әуе апатынан соң қабылданған шаралар туралы айтты, деп хабарлайды****Qazaqpress Tengrinews.kz****-ке сілтеме жасап.**

> «ҚР Үкіметі орын алған авиациялық жағдайдың мән-жайын анықтау мақсатында құрамына Ұлттық қаупсіздік комитеті, Қорғаныс және Ішкі істер министірліктерінің өкілдері кірген арнайы сараптау комиссиясын құрды.
> 
> 
> 
> 
> Қазіргі уақытта комиссия мүшелері әуе кемесінің апатқа ұшыраған оқиға орнында. Борттық жазу құралы («қара жәшік») табылды және ішіндегі мәліметтері тексеріліп жатыр, нәтижелері жақын уақытта хабарланады», — делінген хабарламада.

Сонымен қатар, қаза болғандардың туғандары мен туысқандарымен психологтар жұмыс істеп жатқаны хабарланды. Медициналық көмек көрсету үшін Алматы қаласында орналасқан ҰҚК Госпиталінің мамандары жұмылдырылды.

Арнайы бортпен Е.Васильковтың ата-аналары Петропавл қаласынан Алматыға жеткізілді.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті қаза болғандар мен жапа шеккендердің отбасылары мен туғандарына қажетті материалдық, жерлеу рәсімдерін өткізу үшін де барлық көмек түрлерін көрсетіп жатыр.

---

Жарияланды: 2021-03-14T15:00:45+06:00

Жаңартылды: 2021-03-14T15:00:45+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Басты](https://qazaqpress.kz/category/basty/), [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/03/14/qulaghan-an-26-nyng-qara-zhaeshigi-tekserilip-zhatyr/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.