---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/03/13/ushaq-apatynan-tiri-qalghandardyng-zhaghdajy-belgili-boldy-almaty-aekimdigi/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Ұшақ апатынан тірі қалғандардың жағдайы белгілі болды &#8212; Алматы әкімдігі

![Ұшақ апатынан тірі қалғандардың жағдайы белгілі болды &#8212; Алматы әкімдігі](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/03/2021031319430382753_13.jpg)

**Алматыда дәрігерлер ұшақ апатынан жапа шеккен екі адамның денсаулығы жайлы айтты, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.**

Оқиға орнында Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының жедел жәрдемнің 10 реанимациялық бригадасы жұмыс істеп жатыр.

> «Зардап шеккен адамның бірі 33 жастағы ер адамның сол жақ саны ашық сынған, жабық ми жарақатын алған. 25 жастағы жігіт ми жарақатын алған, қол саусақтары сынған. Сонымен қатар, 2-3 дәрежелі күйік алған. Қазір олар Алматыдағы 4 аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр. Жағдайлары өте ауыр. Дәрігерлер зардап шеккендердің өмірін құтқару үшін бар күшін салуда. Барлық кадрлар, соның ішінде қаланың бас реаниматологы жұмылдырылды»,- деді басқармадан.

Еске салсақ, бүгін Нұр-Сұлтан-Алматы бағытында келе жатқан АН-26 әскери ұшағы 17.22-де радардан жоғалып, қала әуежайы маңында апатқа ұшыраған еді.

Ұшақта болған 4 адам қаза тапты. 2 адам түрлі жарақаттармен Алматы қаласының 4-қалалық клиникалық ауруханасына жеткізілді.

---

Жарияланды: 2021-03-13T15:00:40+06:00

Жаңартылды: 2021-03-13T15:00:40+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/03/13/ushaq-apatynan-tiri-qalghandardyng-zhaghdajy-belgili-boldy-almaty-aekimdigi/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.