---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/03/13/qaraghandy-oblysynda-uesh-zhuezden-asa-kenshi-shahtada-qaza-bola-zhazdady/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Қарағанды облысында үш жүзден аса кенші шахтада қаза бола жаздады

![Қарағанды облысында үш жүзден аса кенші шахтада қаза бола жаздады](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/03/photo_79423.jpeg)

**Сарандағы шахтада алапат өрт болды. Өрт 500 метр тереңнен шыққан, деп хабарлайды Qazaqpress AstanaTV телеарнасына сілтеме жасап. **

Жер астында үш жүзден аса кенші болған. Абырой болғанда қаза тапқандар жоқ. Адамдар уақытылы эвакуацияланды. Өртті сөндіруге бір тәулікке жуық уақыт қажет болды. Болжамдардың бірі бойынша, конвейер жанып кеткен. Төтенше жағдай салдарынан көмір кәсіпорнының жұмысы тоқтап тұр.

Өрттің себебін арнайы комиссия анықтайды.

> — Бізде себептердің екі нұсқасы бар — экзогендік немесе эндогендік өрт. Эндогендік деген — ішкі өрт. Ол көмір жанғанда болады. Сондай-ақ, экзогендік фактор да тексеріледі. Бұл сыртқы көздердің әсерінен болады. Өрттің екі нұсқасы да қаралады, — деді Қазақстан ТЖМ өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Кеңгірбай Есенеев.

---

Жарияланды: 2021-03-13T06:12:39+06:00

Жаңартылды: 2021-03-13T06:12:39+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Басты](https://qazaqpress.kz/category/basty/), [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/03/13/qaraghandy-oblysynda-uesh-zhuezden-asa-kenshi-shahtada-qaza-bola-zhazdady/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.