---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/03/13/oralda-zhuek-pojyzy-er-adamdy-qaghyp-ketti/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Оралда жүк пойызы ер адамды қағып кетті

![Оралда жүк пойызы ер адамды қағып кетті](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/03/210313122346466e.jpg)

**Оралда жүк пойызы ер адамды қағып кетті, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.**

ҚР ІІМ Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға 12 наурыз күні кешкісін локомотив депосының Орал стансасына кіреберіс тұсында болды.

Сағат 19.05-те Орал стансасы желілік полиция бөлімінің кезекші бөліміне жүк пойызының адамға соқтығысуына байланысты шұғыл тежеудің қолданылғаны жөнінде хабар келіп түсті.

Аталған дерек Қылмыстық кодекстің 344-бабы 1-бөлігі, яғни теміржол көлігі жүрісі немесе оларды пайдалану қауіпсіздігі қағидаларын бұзу бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелді.

> «Оқиға орнына Орал стансасындағы желілік полиция бөлімінің жедел тергеу тобы шықты. Тексеру барысында Орал қаласының тұрғыны екендігі анықталды. Азаматқа қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексі 559-бабы 5-бөлігімен, яғни белгіленбеген жерлерде теміржол арқылы өту бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Оған жедел түрде алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Қазір жағдайы бірқалыпты», — деп хабарлады ведомстводан.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің нақтылауынша, жедел жәрдем сағат 19.06-да шақырылып, бригада бес минуттан кейін жетті. Мас күйінде болған 1968 жылғы ер адам облыстық ауруханаға жеткізілді. Жағдайы қанағаттанарлық, сол аяғы көгерген.

---

Жарияланды: 2021-03-13T08:53:53+06:00

Жаңартылды: 2021-03-13T08:53:53+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/03/13/oralda-zhuek-pojyzy-er-adamdy-qaghyp-ketti/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.