---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/03/13/almatydaghy-ushaq-apaty-qansha-adam-qaza-tapqany-anyqtaldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Алматыдағы ұшақ апаты: қанша адам қаза тапқаны анықталды

![Алматыдағы ұшақ апаты: қанша адам қаза тапқаны анықталды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/03/a642b774f0e0ee953aafcbe073b17b05.png)

**Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі ұшақ бортында болған төрт адам қаза тапқанын, екеуі зардап шеккенін мәлімдеді , деп хабарлайды Qazaqpress Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап. **

> — Зардап шеккен екі адам Алматы облысы Іле аудандық ауруханасына жеткізілді. Олардың жағдайы туралы әлі ештеңе білмейміз. Алматы әуежайына 10 жедел жәрдем бригадасы жіберілді. Өрт сөндірілді, — деді ведомство өкілі.

> — Бүгін сағат 17.20 шамасында Алматы әуежайына қонуға бет алған кезде Нұр-Сұлтан-Алматы бағыты бойынша келе жатқан Ан-26 әуе кемесімен байланыс үзілді. Бірден дабыл жарияланды, әуежайдың апат-құтқару қызметкерлері оқиға орнына шықты. Алдын ала ақпарат бойынша, борт ұшу-қону жолағының ұшында апатқа ұшырады, — делінген Алматы әуежайының Facebook-тегі хабарламасында.

Еске салайық, бұған дейін Желіде Алматыда ұшақ құлады деген хабар тараған болатын. Алматы әуежайының баспасөз қызметінің мәліметінше, әскери ұшақ құлаған.

---

Жарияланды: 2021-03-13T14:55:12+06:00

Жаңартылды: 2021-03-13T14:55:12+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Басты](https://qazaqpress.kz/category/basty/), [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/03/13/almatydaghy-ushaq-apaty-qansha-adam-qaza-tapqany-anyqtaldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.