---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/03/12/zhetisw-oelkesinde-4-mynggha-zhwyq-otbasy-baspanaly-bolady/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Жетісу өлкесінде 4 мыңға жуық отбасы баспаналы болады

![Жетісу өлкесінде 4 мыңға жуық отбасы баспаналы болады](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/03/photo_2021-03-12_14-22-21.jpg)

**Алматы облысында «5-10-20» бағдарламасы арқылы тұрғындарды  650 пәтермен қамтамасыз ету жоспарлануда.Бұл жайлы толығырақ «Jetisy Media» ақпараттық алаңында хабарлады.**

Аталмыш бағдарлама Қазақстан тұрғын үй жинақ банкінің серіктестігімен іске асырылуда.Сондай-ақ, жоспардағы пәтерлердің 550-і кредиттік,100-коммерциялық болмақ.

Ағымдағы жылы бюджет қаражаты есебінен 311,9 мың шаршы метр тұрғын үй немесе 4 126 пәтер салу жоспарлануда.Жыл соңына дейін жалпы ауданы 191,3 мың шаршы метр болатын 2 603 пәтерлік 521 үйді пайдалануға беру көзделген.

> «2021 жылы 3 700-ден астам азамат қоныс тойын тойлайды деп күтілуде. Бұл ретте, «Нұрлы Жер» арқылы 1 745 пәтер, Бақытты отбасы-519 пәтер, «7-20-25» -817 пәтер, 509-коммерциялық тұрғын үй ел игілігіне үлестірілмек. Бұдан басқа, жеке құрылыс салушылар есебінен коммерциялық тұрғын үй салуды ынталандыру мақсатында облыс әкімдігі қазіргі уақытта 34 перспективалы алапты анықтады»-деді, Алматы облыстық құрылыс басқармасы басшысының орынбасары Ерке-Бұлан Усманбаев.

Айта кету керек,іске қосылған коммерциялық пәтерлердің 50% -ы Мемлекеттік бағдарламалар аясында жүзеге асырылады. Жобаларды іске асыру тұрақты бақылауда тұр.

***Меруерт Ақбарова***

---

Жарияланды: 2021-03-12T08:25:25+06:00

Жаңартылды: 2021-03-12T08:25:25+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/03/12/zhetisw-oelkesinde-4-mynggha-zhwyq-otbasy-baspanaly-bolady/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.