---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/03/12/qazaqstanda-kolledzhderde-oqw-merzimi-qysqartylady/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Қазақстанда колледждерде оқу мерзімі қысқартылады

![Қазақстанда колледждерде оқу мерзімі қысқартылады](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/03/student.jpg)

**Қазақстанда колледждер студенттердің оқу мерзімін өз бетімен анықтай алады,** **деп хабарлайды Qazaqpress Zakon.kz-ке сілтеме жасап.**

> — Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына академиялық дербестік беріледі. Соның аясында бірқатар өзгерістер енгізу мүмкін болады. Колледждерде оқытылатын білім бағдарламалары жұмыс берушілердің қатысуымен жетілдіріледі, жаңартылады және нарықтағы сұраныс пен талаптарға сәйкес икемделеді, — делінген ҚР БҒМ хабарламасында.

Соған сәйкес, Қазақстанда колледждер студенттердің оқу мерзімін өз бетімен анықтай алады:

*— 9-сыныптан кейін колледжге оқуға түскен студенттер үшін оқу мерзімі бұрынғыдай үш жарым жыл емес, екі жылға дейін қысқарады.*  

*— 11-сыныптан кейін колледжге түскендер үшін оқу мерзімі екі жарым жыл емес, 1,5 жылды құрайтын болады.*  

*— колледждердегі білім беру грант көлемі кезең-кезеңмен ұлғаяды.*

---

Жарияланды: 2021-03-12T05:41:19+06:00

Жаңартылды: 2021-03-12T05:41:19+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Білім](https://qazaqpress.kz/category/bilim/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/03/12/qazaqstanda-kolledzhderde-oqw-merzimi-qysqartylady/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.