---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/03/12/iim-men-uqk-arnajy-operaciyasy-qawipti-qylmystyq-top-ustaldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# ІІМ мен ҰҚК арнайы операциясы: қауіпті қылмыстық топ ұсталды

![ІІМ мен ҰҚК арнайы операциясы: қауіпті қылмыстық топ ұсталды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/03/photo_79396.jpeg)

**2021 жылғы 10 наурызда Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ішкі істер министрлігімен бірлесіп ұйымдасқан қылмыстық топты құрықтау бойынша ірі арнайы операция жүргізді, деп хабарлайды Qazaqpress  ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.**

Нұр-Сұлтан, Алматы, Павлодар және Семей қаласында Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ішкі істер министрлігімен бірлесіп, ауыр және аса ауыр қылмыс жасауға қатысы бар ұйымдасқан қылмыстық топты құрықтау бойынша арнайы операция жүргізді.

ҰҚК мәліметіне сүйенсек, ұсталған топтың 16 мүшесі адам ұрлау, бопсалау, кісі өлтіруге оқталу, Шығыс Қазақстан облысындағы кәсіпорындардың бірінен құрамында алтыны бар шикізатты ұрлау және оның ҚР шекарасынан тыс контрабандасы, сондай-ақ трансұлттық қылмыстық топ құру және оған басшылық жасау бойынша айыпталды.

Қылмыстық топ құрамында құқық қорғау органдарының қызметтегі және бұрын жұмыс істеген қызметкерлері болғаны анықталды.

Ұстау барысында олардың жасаған қылмыстарын растайтын ірі сомадағы ақша, бағалы заттар, байланыс құралдары және өзге де заттар табылып, тәркіленді.

Жедел-тергеу шаралары әлі де жүргізіліп жатыр.

---

Жарияланды: 2021-03-12T14:43:50+06:00

Жаңартылды: 2021-03-12T14:43:50+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Басты](https://qazaqpress.kz/category/basty/), [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/03/12/iim-men-uqk-arnajy-operaciyasy-qawipti-qylmystyq-top-ustaldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.