---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/03/12/aleksej-coj-qazaqstanda-daerigerler-200-800-myng-tengge-zhalaqy-alady/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Алексей Цой: Қазақстанда дәрігерлер 200-800 мың теңге жалақы алады

![Алексей Цой: Қазақстанда дәрігерлер 200-800 мың теңге жалақы алады](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/03/210312192115134a3763683i.jpg)

**Қазіргі уақытта медициналық қызметкерлер 200-800 мың теңге көлемінде жалақы алады, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.**

Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой «Хабар» арнасына берген сұхбатында айтты.

> «Өткен жылы медициналық қызметкерлерге 113 млрд теңгеден астам көлемде әлеуметтік төлем жасалды. Қазіргі уақытта медициналық қызметкерлер 200-800 мың теңге көлемінде жалақы алады», — дейді ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой.

Оның айтуынша, былтыр дәрігерлердің жалақысы 30% артқан.

> «Осыған байланысты республикалық бюджеттен қаражат бөлінеді. Бұл тұрғыда Мемлекет басшысы бізді қолдады. Жыл өткенн сайын дәрігерлердің жалақысы өседі, бұған қатысты мемлекет тарапынан қолдау бар», — дейді ол.

---

Жарияланды: 2021-03-12T14:46:46+06:00

Жаңартылды: 2021-03-12T14:46:46+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/03/12/aleksej-coj-qazaqstanda-daerigerler-200-800-myng-tengge-zhalaqy-alady/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.