Қазіргі уақытта медициналық қызметкерлер 200-800 мың теңге көлемінде жалақы алады, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой «Хабар» арнасына берген сұхбатында айтты.
«Өткен жылы медициналық қызметкерлерге 113 млрд теңгеден астам көлемде әлеуметтік төлем жасалды. Қазіргі уақытта медициналық қызметкерлер 200-800 мың теңге көлемінде жалақы алады», – дейді ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой.
Оның айтуынша, былтыр дәрігерлердің жалақысы 30% артқан.
«Осыған байланысты республикалық бюджеттен қаражат бөлінеді. Бұл тұрғыда Мемлекет басшысы бізді қолдады. Жыл өткенн сайын дәрігерлердің жалақысы өседі, бұған қатысты мемлекет тарапынан қолдау бар», – дейді ол.
Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз