---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/03/11/zaghipa-balieva-zhanga-qyzmetke-taghajyndaldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Зағипа Балиева жаңа қызметке тағайындалды

![Зағипа Балиева жаңа қызметке тағайындалды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/03/photo_79316.jpeg)

**Мәжілістің экс-депутаты Зағипа Балиева Алматыдағы Қазақ ұлттық аграрлық-зерттеу университетінің проректоры болып тағайындалды, деп хабарлайды****Qazaqpress Tengrinews.kz****-ке сілтеме жасап. **

Балиева тағайындалғанын телефон арқылы әңгіме барысында растады.

> «Бүгін Директорлар кеңесінің отырысы өтті, онда мені қызметке бекітті. Бүгіннен бастап жұмысқа кірістім. Маған стратегия, инфрақұрылымдық дамыту, құқықтық мәселелер, цифрландыру мәселелері тапсырылды. Менің ойымша, мұның бәрі таныс, мен ХҚКО-да да жұмыс істедім, бағдарламалармен де жұмыс істегенмін», — деді ол.

Жаңа лауазымда жұмыс істеу үшін Балиева Нұр-Сұлтаннан Алматыға көшті. Ол Алматы облысында анасы тұратынын атап өтті.

Зағипа Балиева университетте 8500-ге жуық студент білім алып жатқанын айтты.

> «Студенттер өте көп екеніне қуаныштымын. Бұл жастар, бұл балалар, мен оларды өте жақсы көремін. Біз жұмыс істейміз. Университеттің көптеген зертханасы, зор ғылыми әлеуеті, керемет кафедралары, керемет ұжымы бар», — деді деді Балиева.

Еске салайық, Зағипа Балиева IV және VI шақырылымдарда Мәжіліс депутаты болған. Әр жылдары әділет министрі, Орталық сайлау комиссиясының хатшысы, Қазақстандағы бала құқықтары жөніндегі уәкіл қызметтерін атқарған.

---

Жарияланды: 2021-03-10T18:32:11+06:00

Жаңартылды: 2021-03-10T18:32:11+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Білім](https://qazaqpress.kz/category/bilim/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/03/11/zaghipa-balieva-zhanga-qyzmetke-taghajyndaldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.