---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/03/11/qasym-zhomart-toqaev-stenford-wniversitetining-professory-frensis-fwkwyamamen-kezdesw-oetkizdi/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Қасым-Жомарт Тоқаев Стэнфорд университетінің профессоры Фрэнсис Фукуямамен кездесу өткізді

![Қасым-Жомарт Тоқаев Стэнфорд университетінің профессоры Фрэнсис Фукуямамен кездесу өткізді](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/03/89e8e0fbdb79c623cfedc911fbb8bc84-1-scaled.jpg)

**Мемлекет басшысы халықаралық қатынастар саласындағы белгілі америкалық сарапшы, Стэнфорд университетінің профессоры Фрэнсис Фукуямамен бейне байланыс арқылы кездесу өткізді, деп хабарлайды Qazaqpress Akorda.kz-ке сілтеме жасап.**

Тараптар әлемдік дамудың заманауи үрдістерін және коронавирустан кейінгі кезеңде геосаясат тәртібін жаңғыртудың келешегін талқылады.

Сондай-ақ COVID-19 пандемиясынан жинақталған тәжірибені ескере отырып, әлемдік экономиканың технологиялық тәртібін өзгертудің негізгі факторлары және халықаралық байланыстардың өзгеруін өзектендіру мәселелері талқыланды.

Президент америкалық ғалымға Қазақстанда жүргізіліп жатқан реформалар, еліміздің сыртқы саясаттағы негізгі басымдықтары, соның ішінде, Орталық Азия аймағына қатысты ұстанымдары туралы айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев әңгімелесу соңында  эпидемиологиялық жағдай жақсарғаннан кейін Фрэнсис Фукуяманы Қазақстанға келуге шақырды. Профессор өз кезегінде Мемлекет басшысына кездесу үшін алғыс білдіріп, болашақта халықаралық саясаттың өзекті мәселелері бойынша өзара табысты ынтымақтастық орнататынына сенім білдірді.

---

Жарияланды: 2021-03-11T07:12:25+06:00

Жаңартылды: 2021-03-11T07:13:59+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Саясат](https://qazaqpress.kz/category/sayasat/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/03/11/qasym-zhomart-toqaev-stenford-wniversitetining-professory-frensis-fwkwyamamen-kezdesw-oetkizdi/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.