---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/03/11/bilim-ministrligi-mwzyka-mektepterining-zhekemenshikke-oetwin-qoldamajdy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Білім министрлігі музыка мектептерінің жекеменшікке өтуін қолдамайды

![Білім министрлігі музыка мектептерінің жекеменшікке өтуін қолдамайды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/03/7ae329dbba6c0fcf0904c04957656109-e1569301559855.jpg)

**ҚР Білім және ғылым министрлігі музыка мектептерінің жекеменшікке өтуін қолдамайды, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.**

> «Білім және ғылым министрлігі музыка мектептерінің жекеменшікке өтуін қолдамайды. Ол ұйымдарда балалар қосымша білім алып жатыр. Сондықтан шығармашылық бағытындағы үйірмеге балаларын қатыстырып жатқан ата-аналар мен сонда жұмыс істейтін педагогтердің бұл мәселе төңірегіндегі алаңдаушылығын түсінуге болады. Керісінше, жұмыс істеп тұрған мемлекеттік қосымша білім беру ұйымдарын дамыту қажет», — делінген министрліктің хабарламасында.

> — Оған қоса биыл «Білім туралы» заңға түзетулер енгізілген болатын, соның негізінде әкімдіктер балалардың жекеменшік қосымша білім беру орталықтарында үйірмелер мен секцияларға қатыса алуы үшін мемлекеттік тапсырыс арқылы жағдай жасай алады», — дейді мекеменің баспасөз қызметі.

Айта кетсек, соңғы күндері ақпарат көздерінде Алматыда музыка мектептерінің жекеменшікке берілетіні жайлы ақпарат тараған болатын.

---

Жарияланды: 2021-03-11T08:25:15+06:00

Жаңартылды: 2021-03-11T08:26:04+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Мәдениет](https://qazaqpress.kz/category/maedeniet/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/03/11/bilim-ministrligi-mwzyka-mektepterining-zhekemenshikke-oetwin-qoldamajdy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.