---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/03/11/76-million-tengge-syjaqy-aemsq-depwtattyng-synyna-zhawap-berdi/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# 76 миллион теңге сыйақы: ӘМСҚ депутаттың сынына жауап берді

![76 миллион теңге сыйақы: ӘМСҚ депутаттың сынына жауап берді](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/03/1604550297826.jpg)

**Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры (ӘМСҚ) басшылыққа төленген сыйақы мөлшеріне қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Qazaqpress Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап. **

Еске салсақ, қор 2019 жылдың қаржылық есептілігінде төрт адамға — басқарма төрағасы мен оның орынбасары құрамындағы басшыларға төленген 76 762 000 теңге сомасындағы шығын көрсетілгенін хабарлады.

> — Бұл шығындарға 2019 жылға арналған Еңбек заңнамасына сәйкес жалақы, ақылы демалыс, сыйақы, денсаулық жағдайына байланысты демалыс ақысы кіреді. Бұл ретте төленген сыйақы Үкіметтің 2014 жылғы 2 желтоқсандағы №1266 қаулысында белгіленген мөлшерден аспайды.
> 
> 
> 
> 
> Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры «Акционерлік қоғамдар туралы» заң талаптарына сәйкес ӘМСҚ сайтында және Қаржы министрлігінің қаржылық есептілігі бойынша интернет-ресурстарда ресми жариялануға жататын қаржылық есептіліктің міндетті аудитін жүргізеді, — деп мәлімдеді ӘМСҚ өкілдері.

Бұған дейін Мәжіліс депутаты Аманжан Жамалов ӘМСҚ басшылығына төленген сыйақы мөлшері туралы мәселені көтерген болатын.

---

Жарияланды: 2021-03-11T05:57:51+06:00

Жаңартылды: 2021-03-11T05:57:51+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Басты](https://qazaqpress.kz/category/basty/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/03/11/76-million-tengge-syjaqy-aemsq-depwtattyng-synyna-zhawap-berdi/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.