76 миллион теңге сыйақы: ӘМСҚ депутаттың сынына жауап берді

76 миллион теңге сыйақы: ӘМСҚ депутаттың сынына жауап берді

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры (ӘМСҚ) басшылыққа төленген сыйақы мөлшеріне қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Qazaqpress Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап. 

Еске салсақ, қор 2019 жылдың қаржылық есептілігінде төрт адамға — басқарма төрағасы мен оның орынбасары құрамындағы басшыларға төленген 76 762 000 теңге сомасындағы шығын көрсетілгенін хабарлады.

— Бұл шығындарға 2019 жылға арналған Еңбек заңнамасына сәйкес жалақы, ақылы демалыс, сыйақы, денсаулық жағдайына байланысты демалыс ақысы кіреді. Бұл ретте төленген сыйақы Үкіметтің 2014 жылғы 2 желтоқсандағы №1266 қаулысында белгіленген мөлшерден аспайды.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры «Акционерлік қоғамдар туралы» заң талаптарына сәйкес ӘМСҚ сайтында және Қаржы министрлігінің қаржылық есептілігі бойынша интернет-ресурстарда ресми жариялануға жататын қаржылық есептіліктің міндетті аудитін жүргізеді, — деп мәлімдеді ӘМСҚ өкілдері.

Бұған дейін Мәжіліс депутаты Аманжан Жамалов ӘМСҚ басшылығына төленген сыйақы мөлшері туралы мәселені көтерген болатын.