---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/03/10/ulttyq-statistika-byurosy-qazaqstanda-turghyn-uej-baghasy-aqpanda-qajta-oese-bastady/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Ұлттық статистика бюросы: Қазақстанда тұрғын үй бағасы ақпанда қайта өсе бастады

![Ұлттық статистика бюросы: Қазақстанда тұрғын үй бағасы ақпанда қайта өсе бастады](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/03/5fab669f13a45821470610.jpeg)

**Қазақстанда тұрғын үй бағасы 2021 жылдың ақпанында өсуін жалғастырды, деп хабарлайды Qazaqpress Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.**

Бұл туралы Ұлттық статистика бюросының хабарламасында айтылған.

> — Бір айда (2021 жылғы ақпан 2021 жылғы қаңтарға) абаттандырылған тұрғын үйлерді алып сату бағалары — 3,1 пайыз, жаңа тұрғын үйлерді сату 1,2 пайызға өсті. Абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі 1,6 пайызға жоғарылады, — делінген хабарламада.

2020 жылы бастапқы нарықтағы тұрғын үй 5 пайызға қымбаттаған. Ал 2021 жылы қаңтар-ақпанда бағалар 4,2 пайызға өсті.

Қайталама нарықтағы тұрғын үй бағасы 2020 жылы 13,2 пайызға, 2021 жылдың екі айында 8,2 пайызға көтерілді.

Қазақстан бойынша жаңа үйлердің бір шаршы метрінің орташа құны — 322 968 теңге.

---

Жарияланды: 2021-03-09T19:08:36+06:00

Жаңартылды: 2021-03-09T19:08:36+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Басты](https://qazaqpress.kz/category/basty/), [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/03/10/ulttyq-statistika-byurosy-qazaqstanda-turghyn-uej-baghasy-aqpanda-qajta-oese-bastady/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.