---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/03/10/almatyda-karantin-talaby-kueshejedi/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Алматыда карантин талабы күшейеді

![Алматыда карантин талабы күшейеді](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/01/1607517002_news_b.jpeg)

**Алматыда эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты карантин шаралары күшейтіледі, деп хабарлайды Qazaqpress Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.**

Бұл туралы арнайы баспасөз мәслихатында санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова мәлімдеді.

Қалықова Алматының санитар дәрігері Жандарбек Бекшиннің жаңа қаулысы дайындалып жатқанын айтты.

> — Кез келген мерекелік іс-шара достар мен таныстардың жаппай араласуын білдіреді. Осыған байланысты соңғы мерекелер де эпиджағдайдың нашарлауына және вирусты жұқтыру қаупінің артуына ықпал етті.
> 
> 
> 
> 
> Алдағы мерекелерде, Наурызда, адамдар жаппай серуенге шығады. Бірақ, өздеріңізге белгілі, бүгіннен бастап Алматы эпиджағдайды бағалау матрицасының «қызыл» аймағына өтті. Сондықтан бұрынғыша бұл іс-шараларға тыйым салынады, — деді ол.

Әсел Қалықова қалада шектеу шаралары күшейтіліп, қосымша карантин шаралары енгізілетінін айтты.

> > — Жақын арада бас санитар дәрігердің шектеу шараларын күшейтуге және коронавирустың таралуына қарсы тұруға бағытталған жаңа қаулысына қол қойылады. Құжат дайындалып, қоғам және бизнес өкілдерімен талқыланып жатыр. Күн соңына қарай қаулыға қол қойылады, — деді ол.

Эпидемиолог қаулыға 10 наурызда кешке сағат 20.00-21.00 шамасында қол қойылып, жарияланатынын айтты.

---

Жарияланды: 2021-03-10T07:30:41+06:00

Жаңартылды: 2021-03-10T08:55:27+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/03/10/almatyda-karantin-talaby-kueshejedi/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.