---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/03/09/almatyda-esirtki-satwshy-ustaldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Алматыда есірткі сатушы ұсталды

![Алматыда есірткі сатушы ұсталды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/03/210309114809726a3761950i.jpg)

**Алматы қаласында үйінде есірткі сатқан тұрғын ұсталды, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.**

Бұл туралы бүгін ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлім етті.

> «Алматы қаласының Алатау ауданында гашиш сатқан ер адам ұсталды. Күдікті есірткіні үйінде сатып отырған. Полиция қызметкерлері оның тұрып жатқан жерін тінту барысында 190 грамм гашиш тәркіледі.
> 
> 
> 
> 
> Ерекше иісі бар жасыл түсті ұнтақ тәрізді затты ол қағаз түбіртекке орап сатпақ болған. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері күдіктінің есірткіні қайдан алғанын анықтап жатыр. 43 жастағы күдіктінің үстінен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ол уақытқа оқшаулағышқа қамалды», — деді Нұрділдә Ораз.

---

Жарияланды: 2021-03-09T06:22:32+06:00

Жаңартылды: 2021-03-09T06:22:32+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/03/09/almatyda-esirtki-satwshy-ustaldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.