---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/03/08/toqaev-qazaqstandyq-aejelderdi-merekesimen-quttyqtady/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Тоқаев қазақстандық әйелдерді мерекесімен құттықтады

![Тоқаев қазақстандық әйелдерді мерекесімен құттықтады](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/03/1553010856x5llp_1000x768.jpg)

**Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев әйелдерді Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады, деп хабарлайды****Qazaqpress****Ақорда сайтына сілтеме жасап.**

> «Құрметті ханымдар!
> 
> 
> 
> 
> Баршаңызды Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын!
> 
> 
> 
> 
> Көктемнің шуақты мерекесі қашанда жүрегімізді сүйіспеншілік пен ізгілікке, мейірім мен шапағатқа бөлейді.
> 
> 
> 
> 
> Біз жыл сайын осы күні адамзатқа әсемдік сыйлайтын әйелдер қауымына ықылас-ілтипатымызды білдіріп, ақ тілек арнауға асығамыз. Сіздердің мемлекет және қоғам өмірінде алатын орындарыңыз айрықша. «Әйел бір қолымен бесікті тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді» деген нақыл сөз бекер айтылмаған.
> 
> 
> 
> 
> Еліміз әйелдердің әлеуетін толық танытуына жол ашып, олардың құқығын қорғауға және тұрмыс жағдайын жақсартуға баса мән береді. Мемлекеттің жүйелі қолдау көрсетуінің арқасында қыз-келіншектердің экономикадағы, саясат пен қоғамдық қызметтегі рөлі жыл өткен сайын арта түсуде.
> 
> 
> 
> 
> Тәуелсіздік кезеңінде әйелдердің түрлі салада толағай табысқа жеткеніне бәріміз куәміз. Сіздердің жетістіктеріңіз жұртты жігерлендіріп, жаңа биіктерге жетелейді, жастарға үлгі-өнеге болады.
> 
> 
> 
> 
> Әрқайсыңыздың белсенді азаматтық ұстанымдарыңыз қоғамдағы көптеген өзекті мәселені ұтымды шешуге және елімізді жан-жақты дамытуға ықпал етеді.
> 
> 
> 
> 
> Қазақстан әйелдерінің ақыл-парасаты, ерік-жігері мен жасампаздығы барлық қиындықты еңсеріп, сын-қатерлерге төтеп беруімізге септігін тигізуде.
> 
> 
> 
> 
> Баршаңызға зор денсаулық пен бақ-береке тілеймін!», — делінген Президент құттықтауында.

---

Жарияланды: 2021-03-08T04:30:08+06:00

Жаңартылды: 2021-03-08T04:30:08+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Басты](https://qazaqpress.kz/category/basty/), [Саясат](https://qazaqpress.kz/category/sayasat/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/03/08/toqaev-qazaqstandyq-aejelderdi-merekesimen-quttyqtady/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.