---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/03/08/memleket-basshysynyng-tangghy-serwendegi-fotosy-zhariyalandy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Мемлекет басшысының таңғы серуендегі фотосы жарияланды

![Мемлекет басшысының таңғы серуендегі фотосы жарияланды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/03/210308121225294e.jpg)

**ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында Мемлекет басшысының таңғы серуендегі фотосымен бөлісті, деп хабарлайды Qazaqpress.**

«Тамаша күн. Таңғы серуен», делінген жазбада.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық әйелдер күнімен құттықтауында:

> «Біз жыл сайын осы күні адамзатқа әсемдік сыйлайтын әйелдер қауымына ықылас-ілтипатымызды білдіріп, ақ тілек арнауға асығамыз. Сіздердің мемлекет және қоғам өмірінде алатын орындарыңыз айрықша. «Әйел бір қолымен бесікті тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді» деген нақыл сөз бекер айтылмаған.
> 
> 
> 
> 
> Қазақстан әйелдерінің ақыл-парасаты, ерік-жігері мен жасампаздығы барлық қиындықты еңсеріп, сын-қатерлерге төтеп беруімізге септігін тигізуде.
> 
> 
> 
> 
> Баршаңызға зор денсаулық пен бақ-береке тілеймін», – деп жазды.

---

Жарияланды: 2021-03-08T08:13:29+06:00

Жаңартылды: 2021-03-08T08:13:29+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Саясат](https://qazaqpress.kz/category/sayasat/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/03/08/memleket-basshysynyng-tangghy-serwendegi-fotosy-zhariyalandy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.