---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/03/08/grwziyamen-shekara-qashan-ashylady/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Грузиямен шекара қашан ашылады?

![Грузиямен шекара қашан ашылады?](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/03/photo_79207.jpeg)

**Пандемияға байланысты былтыр наурызда Грузия шекарасы жабылған болатын, деп хабарлайды Qazaqpress Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.**

Енді биыл 16 наурыздан бастап Тбилисиден Алматыға рейстер ашылады.

Грузияда 8 наурыздан бастап ғимараттағы және жазғы террассалардағы мейрамханалар жұмыс істей бастайды. Алайда ол жерде де белгілі шектеулер бар: бір компанияда төрт адам отыруы керек және үстелдер арасындағы қашықтық екі метр болуы керек.

Үкімет демалыс орындарының кешкі уақытта да жұмыс істеуін қарастырып жатыр. Алайда бұл жақын арада болмайтын секілді. Себебі елде 21.00 мен 05.00 аралығында коменданттық сағат жарияланған. Оны бұзған адамдарға 2000 лари (250 294 теңге) айыппұл салынады.

Сонымен қатар, Грузияда демалыс күнгі карантин жарияланған. Сондықтан жұмыс күні ашық жерлер, демалыста жұмыс істемейді. Ал дүкендер, сауда орталықтары мен базарлар жұмыс күні де, демалыс күні де ашық болады.

---

Жарияланды: 2021-03-07T19:17:23+06:00

Жаңартылды: 2021-03-07T19:17:23+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Басты](https://qazaqpress.kz/category/basty/), [Саяхат](https://qazaqpress.kz/category/sayahat/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/03/08/grwziyamen-shekara-qashan-ashylady/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.