---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/03/08/asqar-mamin-qazaqstandyq-aejelderdi-8-nawryz-merekesimen-quttyqtady/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Асқар Мамин қазақстандық әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады

![Асқар Мамин қазақстандық әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/03/photo_324181.jpeg)

**Асқар Мамин Қазақстанның әйелдер қауымын 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады, деп хабарлайды Qazaqpress primeminister.kz-ке сілтеме жасап.**

> «Аяулы аналар, арулар, cіздерді көктемнің шуақты мерекесі – Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймын!
> 
> 
> 
> 
> Сіздердің бойларыңыздағы шексіз сүйіспеншілік, мейірім мен нәзіктік әр адамның өмірін бақыт пен берекеге толтырады. Әрбір отбасының ұйытқысы бола отырып, cіздер жас буынға тәлім-тәрбие беруде және өскелең ұрпақтың адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруда ерекше орын аласыздар.
> 
> 
> 
> 
> Қоғам өмірінің сан түрлі салаларындағы еселі еңбектеріңіз арқылы cіздер Қазақстанның дамуына да орасан зор үлес қосып отырсыздар.
> 
> 
> 
> 
> Өміріміздегі қуанышты да жарқын сәттер үшін біздің шынайы алғысымызды қабыл алыңыздар! Біз сіздерді ардақтаймыз және жақсы көреміз!
> 
> 
> 
> 
> Бақуатты және бақытты болыңыздар!

---

Жарияланды: 2021-03-08T07:57:29+06:00

Жаңартылды: 2021-03-08T07:57:29+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Саясат](https://qazaqpress.kz/category/sayasat/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/03/08/asqar-mamin-qazaqstandyq-aejelderdi-8-nawryz-merekesimen-quttyqtady/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.