---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/03/07/oeskemende-otqa-oranghan-uejden-muegedek-aejel-qutqaryldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Өскеменде отқа оранған үйден мүгедек әйел құтқарылды

![Өскеменде отқа оранған үйден мүгедек әйел құтқарылды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/03/210307194331796e.png)

**Өскемен қаласында өрт шыққан жер үйден мүгедек әйел құтқарылды, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.**

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, қызыл жалын Дмитров көшесінде шыққан. Мұны байқап қалған көршілердің бірі шұғыл өрт сөндірушілерге қоңырау шалған.

> «Оқиға орнына келген құтқарушылар жанып жатқан үйге кіріп, мүгедек әйелді сыртқа алып шықты. Бірден ол жедел жәрдем дәрігерлеріне тапсырылды», — делінген хабарламада.

Көп ұзамай өрт сөндірушілер жалпы аумағы 90 шаршы метрді шарпыған жалынды ауыздықтады. Осылайша, үйге жапсарлай салынған шаруашылық қора-жайларға оттың таралуына жол берілмеді.

Алдын ала мәлімет бойынша өрттің шығуына – электр жабдықтарын монтаждау және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамау себеп болуы мүмкін.

Осы ретте, ТЖД мамандары электр аспаптары мен электр сымдарын жарамды күйде ұстап, электр желілерін шамадан тыс жүктемеу керектігі туралы еске салады. Сондай-ақ өрт шыққан жағдайда дереу «101» немесе «112»телефондарына хабарласу қажет.

---

Жарияланды: 2021-03-07T17:28:08+06:00

Жаңартылды: 2021-03-07T17:28:08+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/03/07/oeskemende-otqa-oranghan-uejden-muegedek-aejel-qutqaryldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.