---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/03/07/almatyda-31-zhastaghy-er-adam-altynshy-taewlik-izdestirilip-zhatyr/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Алматыда 31 жастағы ер адам алтыншы тәулік іздестіріліп жатыр

![Алматыда 31 жастағы ер адам алтыншы тәулік іздестіріліп жатыр](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/03/photo_79190.jpeg)

**Алматыда 31 жастағы Бейбіт Никатов алтыншы тәулік іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды Qazaqpress Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап. **

> — 1 наурызда ол үйінен жұмысына кеткен. Содан бері оны ешкім көрмеген. Телефоны сөндірулі, — дейді бауыры Абзал Арықбаев.

Бейбіт Никатовтың туыстары оның жоғалу дерегі бойынша полицияға хабар берді.

> — Бұған дейін ешқандай да себеп дейтіндей оқиға болған жоқ. Ол — отбасына жақын адам, әйелі мен балалары күтіп жатыр. Ішпейді, шекпейді. Жеке компанияда менеджер болып жұмыс істейді. Ойда жоқта жоғалды, — дейді бауыры.

---

Жарияланды: 2021-03-06T19:58:19+06:00

Жаңартылды: 2021-03-06T20:01:09+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/03/07/almatyda-31-zhastaghy-er-adam-altynshy-taewlik-izdestirilip-zhatyr/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.