---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/03/06/aqtoebe-oblysynda-birneshe-baghyttaghy-zhol-zhabyq/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Ақтөбе облысында бірнеше бағыттағы жол жабық

![Ақтөбе облысында бірнеше бағыттағы жол жабық](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2020/12/201220194618290a3732070i.jpg)

**Ақтөбе облысында кеше кешкілік 7 бағытта жол жабылды, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.**

Бүгін оның тек біреуі ашылды.

> — Республикалық маңызы бар Самара-Шымкент тасжолының Белогорка-Қарабұтақ, Қарабұтақ-Комсомол-Қостанай, Қарабұтақ-Ырғыз, Ақтөбе-Орск бағытының Ш.Қалдаяқов-РФ шекрасы, Солтүстік айналма жолы мен Қандыағаш-Ембі-Шалқар-Ырғыз, РФ шекарасы мен Шымкент аралығының Құршасай ауылы-Батыс Қазақстан облысы аумағы жабылды. Бүгін тек Ақтөбе-Орынбор тасжолы ашық. «Самара — Шымкент тасжолында 800-ден астам жүк көлігі, 400-ге жуық жеңіл көлікте мыңнан астам адам қалып, олар жақын маңдағы кемпингке жеткізілді. Полиция мен жергілікті атқарушы орган өкілдерінің көмегімен көбі діттеген жеріне жетті. Қарабұтақ ауылында 600 көлік бар. Жүргізушілер мен жолаушылар кемпингке орналастырылды. Сондай-ақ Ырғыз ауылы, Әлімбет шекарасында да адамдар бар. Хромтау ауданына облыстық ТЖД бастығы Марғұлан Аманбаев Трэкол көлігімен шығып, бақылады. Бір түнде 43 адам құтқарылды. Оның бесеуі бала. Сонымен бірге жүкті әйел жолда қалған. Ол да құтқарылды», — деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

---

Жарияланды: 2021-03-06T07:38:39+06:00

Жаңартылды: 2021-03-06T07:38:39+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/03/06/aqtoebe-oblysynda-birneshe-baghyttaghy-zhol-zhabyq/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.