Доллар бағамы тағы төмендеді

Доллар бағамы тағы төмендеді

Қазақстан қор биржасында (KASE) жұма күнгі сауда-саттықтың таңертеңгілік сессиясында теңгенің АҚШ долларына шаққандағы орташа бағамы 419,48 теңгені құрады, деп хабарлайды Qazaqpress KASE-ге сілтеме жасап.

4 наурыз кешімен салыстырғанда шетелдік валюта бағамы 0,14 теңгеге төмендеген.

Kurs.kz деректері бойынша, қазіргі таңда Алматының айырбас пункттерінде америкалық долларды сатудың орташа бағамы 420,48 теңге, ал сатып алу – 418,92 теңге.

Ал Нұр-Сұлтан алмастырғыштарында доллар орта есеппен 419,15 теңгеден сатылып, 418,02 теңгеге сатып алынады.