---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/03/05/ashyq-qosymshasy-almatyda-qaj-mekemelerde-qoldanylady/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Ashyq қосымшасы Алматыда қай мекемелерде қолданылады

![Ashyq қосымшасы Алматыда қай мекемелерде қолданылады](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/03/crop_img-47_1611821303.jpg)

**Алматы қалалық Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Жандарбек Бекшин тікелей эфир барысында Ashyq қосымшасының қалай жұмыс істейтінін кеңірек түсіндірді, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.**

Оның айтуынша, Алматыда Ashyq қосымшасын 13 мың кәсіпкерлік нысан тіркеуге ниет білдіріп отыр.

> «Бұл фитнес клубтар, спа-орталықтар, сауна, бассейн, компьютер клубтары мен боулинг орталықтар. Бұл жүйе бизнес үшін көп қаражатты талап етпейді. Пилоттық жобаға қатысатын кәсіпкерлік нысандарына кіру үшін келушілер арнайы QR-код арқылы өтеді. Мәселен, «жасыл» мәртебе COVID-19 ПТР талдауы теріс боп шыққан адамға беріледі. ПТР талдауы жоқ, COVID-19 ауырған адаммен байланысы жоқ адамға «көк» мәртебе беріледі. «Сары» мәртебе COVID-19 науқас адаммен байланысы болған адамға беріледі. «Қызыл» мәртебе базада COVID-19 ПТР талдауы оң шыққан адамдарға беріледі», — деді қаланың бас санитарлық дәрігері.

Айта кету керек, ҚР Цифрлық даму, инновация, аэроғарыштық өнеркәсіп министрлігі ҚР ДСМ біріге отырып елдегі эпидемиологиялық ахуалды бақылау үшін Ashyq қосымшасын әзірледі.

Ashyq қосымшасы Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды қалаларындағы нысандарда қолданылып жатыр.

---

Жарияланды: 2021-03-05T13:31:51+06:00

Жаңартылды: 2021-03-05T13:31:51+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/03/05/ashyq-qosymshasy-almatyda-qaj-mekemelerde-qoldanylady/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.