---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/03/04/toqaev-oqwshy-qyzdardy-qaqqan-zhol-koelik-oqighasyn-oez-baqylawyna-aldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Тоқаев оқушы қыздарды қаққан жол-көлік оқиғасын өз бақылауына алды

![Тоқаев оқушы қыздарды қаққан жол-көлік оқиғасын өз бақылауына алды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2020/12/photo_345798.jpeg)

**Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы облысында мас жүргізушінің төрт кішкентай қызды қаққан жол-көлік оқиғасына қатысты тергеу жұмыстарын өз бақылауына алды**, **деп хабарлайды****Qazaqpress.**

Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.

> «Президент Алматы облысында мас жүргізушінің төрт оқушы қызды қағып кеткен жол-көлік оқиғасына қатысты тергеу жұмыстарын өз бақылауына алды. Екі қыз ауыр халде ауруханада жатыр. Мемлекет басшысы көлік жүргізушісін заңға сәйкес жауапқа тарту үшін аталған оқиғаны жан-жақты тексеру жөнінде тапсырма берді. Зардап шеккен қыздар мен олардың ата-аналарына тиісті көмек көрсетіледі», — деп жазды ол Facebook-те.

---

Жарияланды: 2021-03-04T06:29:58+06:00

Жаңартылды: 2021-03-04T06:29:58+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/03/04/toqaev-oqwshy-qyzdardy-qaqqan-zhol-koelik-oqighasyn-oez-baqylawyna-aldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.