---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/03/04/toert-oqwshyny-qaqqan-koelik-zhuergizwshisi-abaqtygha-qamaldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Төрт оқушыны қаққан көлік жүргізушісі абақтыға қамалды

![Төрт оқушыны қаққан көлік жүргізушісі абақтыға қамалды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/02/183120.jpg)

**Алматы облысы Қорам ауылында жол жиегіндегі тұрған төрт оқушы қызды қаққан У****АЗ көлігінің жүргізушісі уақытша ұстау абақтасына тоғытылды**, **деп хабарлайды** **Qazaqpress****Zakon.****kz****-ке сілтеме жасап.**** **

> «2021 жылы 2 наурызда сағат 18.40-та УАЗ автокөлігін тізгіндеген 54 жастағы Еңбекшіқазақ ауданы, Корам ауылының тұрғыны мас күйінде (орташа дәрежеде) Қорам ауылында Арзиев көшесімен солтүстік бағытта келе жатып, Абай көшесімен қилыстағы жол шетінде тұған екі 8 жасар және екі 9 жастағы қыздарды қағып кетті. Соққы салдарынан үш бала түрлі дене жарақаттарымен Шелек аудандық ауруханасына жатқызылды. Төртінші қыз дәрігерлердің қарауынан соң үйіне жіберіллді», — дейді полициядағылар.

Қазіргі уақытта жүргізуші уақытша ұстау изоляторына тоғытылған.

> «Қазіргі уақытта аталған жол апатына қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 345-1 2-бөлімі, «Көлік құралдарын алкогольдік масаң күйінде басқарған адамдардың жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы, абайсызда адам денсаулығына ауыр зиян келтіру» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды».

Қажетті сараптамалар тағайындалды.

---

Жарияланды: 2021-03-04T03:44:22+06:00

Жаңартылды: 2021-03-04T03:44:22+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/03/04/toert-oqwshyny-qaqqan-koelik-zhuergizwshisi-abaqtygha-qamaldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.