---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/03/04/almaty-perzenthanasynda-bosanghan-aejel-qajtys-boldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Алматы перзентханасында босанған әйел қайтыс болды

![Алматы перзентханасында босанған әйел қайтыс болды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/03/1530614412_0ebb1df2359de988ef981e8feec9ddaf_xl.jpg)

**Алматыдағы №5 перзентханада жаңа босанған әйел қайтыс болды****, деп хабарлайды****Qazaqpress Tengrinews.kz****-ке сілтеме жасап.**

Бұл туралы Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Лаура Мырзағали мәлімдеді.

Онлайн-брифингте Лаура Мырзағали босанған әйелдің өлімі туралы айтты. Оның айтуынша, қайғылы оқиға 2 наурызда болған.

> «Өлім дерегі 2 наурызда №5 перзентханада тіркелді. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Сот-медициналық сараптама аяқталғаннан кейін қорытындыны аламыз», — деді басқармасы басшысының орынбасары Лаура Мырзағали.
> 
> 
> 
> 
> «Алматы бойынша нәрестелер өлімі азайды. Дегенмен ана өлімі әлі де бар. Қазір онкология, пульмонология және барлық басқа себептен болатын ана мен бала өлімін азайту бойынша жоспарлар әзірленіп жатыр», — деп қосты ол.

Бұған дейін бұқаралық ақпарат құралдары әйел қайтыс болғанға дейін перзентханадағы сыбайлас жемқорлық туралы хабарлағанын жазған еді.

> «Сыбайлас жемқорлық бойынша: бізге мұндай ақпарат түскен жоқ. Бірақ, егер тергеу дәлелдесе, біз өз тарапымыздан шара қалданамыз», — деп жауап берді Лаура Мырзағали.

---

Жарияланды: 2021-03-04T13:01:35+06:00

Жаңартылды: 2021-03-04T13:01:35+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Басты](https://qazaqpress.kz/category/basty/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/03/04/almaty-perzenthanasynda-bosanghan-aejel-qajtys-boldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.