---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/03/03/prezident-ulttyq-bank-toeraghasyna-tapsyrma-berdi/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Президент Ұлттық банк төрағасына тапсырма берді

![Президент Ұлттық банк төрағасына тапсырма берді](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/03/photo_79066.jpeg)

**Президент Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады, деп хабарлайды Qazaqpress Ақордаға сілтеме жасап. **

Мемлекет басшысына биылғы ақпан айындағы ақша-кредит саясатын іске асырудың алдын ала қорытындысы, дүниежүзілік экономиканың қалпына келу перспективалары мен әлемдегі азық-түлік бағасының инфляцияға әсері туралы баяндалды.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа алтын-валюта резервтерінің жағдайы мен Ұлттық қордың активтерін басқару жайында есеп берілді, сондай-ақ, Ұлттық банктің ішкі жалпы өнім бойынша жаңартылған болжамдары мен 2021 жылға арналған төлем балансы жөнінде айтылды.

Ерболат Досаев Мемлекет басшысының Қазақстан азаматтарының зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын пайдалану тетігін іске асыру жөніндегі тапсырмасының орындалу барысын баяндап, Ұлттық банктің инвестициялық ахуалды жақсарту бойынша ұсыныстары туралы айтты.

Президент Ұлттық банк төрағасына азық-түлік тауарлары бағасының тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін ауыл шаруашылығын қолдау шараларын цифрландыру процесін жеделдетуді тапсырды.

---

Жарияланды: 2021-03-03T08:40:30+06:00

Жаңартылды: 2021-03-03T08:40:30+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/03/03/prezident-ulttyq-bank-toeraghasyna-tapsyrma-berdi/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.