---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/03/03/almaty-oblysynda-koelik-qaqqan-oqwshy-qyzdar-komada-zhatyr/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Алматы облысында көлік қаққан оқушы қыздар комада жатыр

![Алматы облысында көлік қаққан оқушы қыздар комада жатыр](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/03/photo_353878.jpeg)

**2 наурызда Алматы облысында мас жүргізуші жол шетінде тұрған төрт оқушы қызды қаққан****, деп хабарлайды****Qazaqpress Zakon.kz****-ке сілтеме жасап.**

**Облыстық денсаулық сақтау басқармасы қыздардың комада екенін айтты.**

> «2012 жылғы баланың жағдайы өте ауыр. Өкпеге ауа жіберу аппаратына қосылған. Диагнозы: Ауыр ілеспе жарақат, ауыр ашық краниоцеребральды жарақат, мидың қатты контузиясы, екі сан сүйегінің жабық сынуы, 2-3 дәрежелі травматикалық шок. 3-4 дәрежедегі кома. 2012 жылғы екінші бала. Диагнозы: ілеспелі ауыр жарақаттар, ауыр жабық краниоцеребральды жарақат, екі сан сүйектің жабық сынуы. 2 дәрежелі кома, 2-3 дәрежелі травматикалық шок. Бала өкпеге ауа жіберу аппаратына қосылған. Қарқынды терапия жүргізілуде. 2011 жылғы үшінші баланың диагноз: ілеспелі жарақат, мидың контузиясы, оң аяғының екі сүйегіні де сынған, ашық сынық, 1 дәрежелі травматикалық шок. Баланың жағдайы тұрақты», — делінген Денсаулық сақтау басқармасының хабарламасында.

Айта кетсек, 2021 жылы 2 наурызда сағат 18.40-та УАЗ автокөлігін тізгіндеген 54 жастағы Еңбекшіқазақ ауданы, Корам ауылының тұрғыны мас күйінде (орташа дәрежеде) Қорам ауылында Арзиев көшесімен солтүстік бағытта келе жатып, Абай көшесімен қилыстағы жол шетінде тұған екі 8 жасар және екі 9 жастағы қыздарды қағып кетті. Соққы салдарынан үш бала түрлі дене жарақаттарымен Шелек аудандық ауруханасына жатқызылды. Жүргізуші медициналық сауықтыру пунктіне жеткізілді. Қазіргі уақытта аталған жол апатына қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 345-1 2-бөлімі, «Көлік құралдарын алкогольдік масаң күйінде басқарған адамдардың жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы, абайсызда адам денсаулығына ауыр зиян келтіру» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Қажетті сараптамалар тағайындалды.

---

Жарияланды: 2021-03-03T10:05:01+06:00

Жаңартылды: 2021-03-03T10:05:01+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/03/03/almaty-oblysynda-koelik-qaqqan-oqwshy-qyzdar-komada-zhatyr/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.