---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/03/02/qostanaj-oblysynda-eki-dzhip-betpe-bet-soqtyghysyp-zheti-adam-qaza-tapty/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Қостанай облысында екі джип бетпе-бет соқтығысып, жеті адам қаза тапты

![Қостанай облысында екі джип бетпе-бет соқтығысып, жеті адам қаза тапты](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/03/photo_353753.jpeg)

**Қостанай облысында екі джип бетпе-бет соқтығысты**, **деп хабарлайды Qazaqpress Zakon.kz-ке сілтеме жасап.**

Облыстық ПД мәліметі бойынша, Қостанай-Әулиекөл тас жолында ірі жол апаты болды.

> — Қостанай-Әулиекөл тас жолының 69-шы шақырымында Новонеженка ауылы мен Лаврентьевка арасында сағат 16:30 шамасында екі джип (Mitsubishi Pajero және Lexus) бетпе-бет соқтығысқан. Автопатруль мен жедел-тергеу тобы оқиға орнында жұмыс істеп жатыр. Қазіргі уақытта апаттан жеті адам қайтыс болғаны белгілі болды. Толығырақ ақпарат кейінірек беріледі, — деді Қостанай облысы ПД бастығының бірінші орынбасары Негмет Исмағұлов.

Оның айтуынша, Lexus көлігінде үш адам, Mitsubishi Pajero-да жүргізушісімен бірге төрт адам қайтыс болды.

---

Жарияланды: 2021-03-02T15:28:55+06:00

Жаңартылды: 2021-03-02T15:28:55+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Басты](https://qazaqpress.kz/category/basty/), [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/03/02/qostanaj-oblysynda-eki-dzhip-betpe-bet-soqtyghysyp-zheti-adam-qaza-tapty/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.