---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/03/02/almatydan-qyrghyzstangha-aewe-rejsteri-qajta-zhandanady/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Алматыдан Қырғызстанға әуе рейстері қайта жанданады

![Алматыдан Қырғызстанға әуе рейстері қайта жанданады](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/03/cq1k0u8jwa_a4_710x444.jpeg)

**Алматы халықаралық әуежайы бірнеше рейстің қайта жаңданғанын мәлім етті, деп хабарлайды** **Qazaqpress****ҚазАқпарат****қа сілтеме жасап.**

> «Алматыдан Қырғызстанға әуе рейстері қайта жанданғанын қуана хабарлаймыз. Қырғыз Республикасына кіру үшін орыс немесе ағылшын тілінде жазылған теріс нәтижесі бар ПТР тестін көрсетуіңіз керек. Анықтаманың қолдану мерзімі — талдауды алған сәттен бастап 72 сағат. 7 жасқа дейінгі балаларға ПТР тест қажет емес», — делінген әуежайдың Facebook парақшасында.

Сонымен қатар, хабарламада наурыз айында Киевке рейстерді ашу жоспарланып отырғаны айтылған.

> «Қазақстандықтарға Украина аумағына кіру үшін ПТР сынағының қажеті жоқ. Алайда, сақтандыру полисі болуы шарт. Сақтандыру полисінің бағасы — үш күнге 3,30 евро + әрбір келесі күн үшін 0,80 евро. Полис Covid-19 инфекциясын жұқтырып алған жағдайда емделуге, дәрі-дәрмек пен ПТР тестін тапсыру үшін қажет. Сақтандыруды мына жерден алуға болады: www.visitukraine.today. Егер сіз Украина аумағында 90 күннен артық болсаңыз сақтандыру полисі 30 000 еуро көлемінде беріледі», — деп хабарлады әуежайдағылар.

---

Жарияланды: 2021-03-02T07:22:29+06:00

Жаңартылды: 2021-03-02T07:22:29+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Саяхат](https://qazaqpress.kz/category/sayahat/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/03/02/almatydan-qyrghyzstangha-aewe-rejsteri-qajta-zhandanady/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.