---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/03/02/almaty-qalasynda-travmatologtar-84-zhasar-suejekteri-kuerdeli-synghan-aejelge-operaciya-zhasady/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Алматы қаласында травматологтар 84 жасар сүйектері күрделі сынған әйелге операция жасады

![Алматы қаласында травматологтар 84 жасар сүйектері күрделі сынған әйелге операция жасады](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/03/unnamed.jpg)

**Алматы қаласында травматологтар 84 жасар сүйектері күрделі сынған әйелге операция жасалды****, деп****хабарлайды****Qazaqpress****.**

Орталық қалалық клиникалық ауруханаға сол жақ жамбасының қатты ауыруымен 84 жасар пацент келіп түсті. Тексеру кезінде пациентте ығысумен сол жақ жамбас сүйектерінің перипретозды жабық бұралып сынуы. Сол жақ жамбас буынын эндопротездегеннен соңғы жай-күйі: инволютивті остеопороз. Сонымен қатар, пациентте 3 дәрежелі артериалдық гипертензия, созылмалы жүрек жеткіліксіздігі, жүректің ишемиялық ауруы секілді көптеген ілеспелі аурулар анықталған. Пациентке шұғыл түрде операция жасау қажет болды.

> «Операцияны дер кезінде жасамасақ, пациент мәжбүрлі түрде төсек тартып, тіпті отыра алмай қалушы еді, бұл дегеніміз, өкпе-жүрек жеткіліксіздігінің өршуіне, сондай-ақ, майлы эмболияның асқынуына әкеп соғушы еді»- деп айтты травматолог-дәрігер Айбек Хамитжанов.

Пациентке жұлын арқылы анестезия салумен екі сағатқа созылған күрделі операция жасалды. Операция табысты өтті. Пациенттің жай-күйі орташа, яғни, жарақаттың сипаты мен жүргізілген операцияның көлеміне сәйкес болып тұр. Жүргізілген операция пациентке әрі қарай қозғалып жүру мүмкіндігін беріп, өмір сүру сапасын жақсарта түспек.

> «Шұғыл емдеуден соң, ауруханадан шықаннан кейін пациент учаскелік дәрігердің бақылауында болады»- деп маман әңгімесін аяқтады.

---

Жарияланды: 2021-03-02T10:09:06+06:00

Жаңартылды: 2021-03-02T14:05:57+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Қоғам](https://qazaqpress.kz/category/qogham/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/03/02/almaty-qalasynda-travmatologtar-84-zhasar-suejekteri-kuerdeli-synghan-aejelge-operaciya-zhasady/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.