---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/03/01/saryaghashta-karantinge-qaramastan-bata-koekpar-ujymdastyrylghan/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Сарыағашта карантинге қарамастан «Бата көкпар» ұйымдастырылған

![Сарыағашта карантинге қарамастан «Бата көкпар» ұйымдастырылған](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/03/210228150751464e.jpg)

**Түркістан облысы, Сарыағаш ауданында жергілікті тұрғын «Бата көкпар» өткізгені үшін жауапқа тартылды, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.**

Ол карантин талаптарына қарамастан Көктерек ауылы маңында 70-ке тарта адамға ұлттық ойын ұйымдастырған.

Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, карантин талаптарын сақтамаған тұғынды арнайы құрылған мобильді топ мүшелері анықтаған. Жасөспірімдерді жинап, «Бата көкпар» жасаған азаматқа қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы («Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтерді бұзу») бойынша әкімшілік хаттама толтырған. Жиналған материалдар тиісті шешім қабылдау үшін Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына жолданды. Ал, көкпарға жиналған тұрғындарға карантин талаптарына жол бермеу туралы түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, тарқатылған.

> «Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері азаматтарды карантин режимін қатаң сақтауға, медициналық бетперде киюге және әлеуметтік қашықтықты сақтауға шақырады», — делінген хабарламада.

 

---

Жарияланды: 2021-02-28T19:36:06+06:00

Жаңартылды: 2021-02-28T19:36:06+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/03/01/saryaghashta-karantinge-qaramastan-bata-koekpar-ujymdastyrylghan/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.