Түркістан облысы, Сарыағаш ауданында жергілікті тұрғын «Бата көкпар» өткізгені үшін жауапқа тартылды, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Ол карантин талаптарына қарамастан Көктерек ауылы маңында 70-ке тарта адамға ұлттық ойын ұйымдастырған.
Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, карантин талаптарын сақтамаған тұғынды арнайы құрылған мобильді топ мүшелері анықтаған. Жасөспірімдерді жинап, «Бата көкпар» жасаған азаматқа қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы («Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтерді бұзу») бойынша әкімшілік хаттама толтырған. Жиналған материалдар тиісті шешім қабылдау үшін Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына жолданды. Ал, көкпарға жиналған тұрғындарға карантин талаптарына жол бермеу туралы түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, тарқатылған.
«Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері азаматтарды карантин режимін қатаң сақтауға, медициналық бетперде киюге және әлеуметтік қашықтықты сақтауға шақырады», — делінген хабарламада.
Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз