---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/03/01/aqtawlyq-aejel-zhaendikterdi-wlajmyn-dep-eki-adamdy-oeltirdi/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Ақтаулық әйел жәндіктерді улаймын деп екі адамды өлтірді

![Ақтаулық әйел жәндіктерді улаймын деп екі адамды өлтірді](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/03/aktau-otravlenie.png)

**Ақтау****қаласында екі адам белгісіз химиялық заттан уланып қайтыс болды****, деп хабарлайды****Qazaqpress****Tengrinews.****kz****-ке сілтеме жасап.**

Айта кетсек, тағы алты адам жедел түрде ауруханаға жатқызылды.

> «Құзырлы органдар мәліметіне сүйенсек, Ақтау тұрғыны көршілеріне ескертпей өз пәтерін «Квикфос» дәрісімен (жәндіктерді жоюға арналған) зарарсыздандырған. Нәтижесінде көрші пәтерлердің бірінде анасы мен қызы қайтыс болды. Іс бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалды», — деп хабарлады Қоғамдық коммуникациялар орталығы (ҚКО) өкілдері.

Іс ҚР ҚК-ның 304-бабы 4-бөлігіне сәйкес Ақтау қаласының полиция басқармасына тіркелді. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр, пәтер иесі анықталды.

# 

** **

---

Жарияланды: 2021-03-01T05:14:24+06:00

Жаңартылды: 2021-03-01T05:14:24+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/03/01/aqtawlyq-aejel-zhaendikterdi-wlajmyn-dep-eki-adamdy-oeltirdi/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.